тіл туралы заң » СШ №24
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№24 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » тіл туралы заң
25
февраль
2019

тіл туралы заң

Тіл туралы Заң



1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Бұл 1993 жылғы Конституцияда бекітілді. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңы 1997 жылдың 11-шілдесінде шықты.



Тіл туралы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.



Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.



Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.



Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:



Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

Похожие публикации:

25 февраль 2019 Мектеп тарихы